Четверг, 22 Июнь 2017
-->

ҰЙЫМДАСА БІЛГЕН ҰТАДЫ

Елордадағы Алматы ауданы алдағы 15 сәуір мен 15 мамыр аралығындағы экологиялық айлыққа дайындықты пысықтаған жиын өткізді.

Аудан әкімі Әділбек Сәрсембаев жылдағы дәстүрге айналған экологиялық айлыққа айрықша назар аударып, соның аясында әкімдікке қарасты барлық территорияда абаттандыру, көгалдандыру, кедір-бұдыр жолдарды қалпына келтіру, әрбір ғимарат пен тұрғын үйлер және саябақтар мен аулалар талапқа сай жаңғырып, жаңартылып тұру керектігін салмақтап өтті. Одан кейін сөз алған аудан әкімінің орынбасары Талғат Тілеуов слайд арқылы аудан аумағындағы жөндеу мен тазалықты күтіп отырған көшелер мен жолдарды көрсетіп, атқарылмақ жұмыстарды тізбеледі.

43543

– Біз айлық аясында аудан аумағын 8 учаскіге бөліп отырмыз. Ондағы мақсатымыз тазалық шаралары тәртіпке сай жүргізілу керек. Барлық жұмыстар қадағаланады. Сенбілік барысында білім мен денсаулық сақтау мекемелері аумақтарын тазарту, көгалдандыру жүргізіледі. Құрылыс және тұрмыстық қалдықтардың бәрі бақылауға алынады. Жалпықалалық сенбілікке 45 мың адам қатысады деп жобалап отырмыз. 3 500 ағаш көшеттерін егеміз. Қысқасы, бәріміз де маңызды шараға ұйымдаса білсек, ұтамыз, – деді ол.

2542321

Отырысқа қатысқан қалалық Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Төлеген Закарьянов: «Сенбілік шеру секілді өтпеу керек. Оған барлық қала тұрғындары атсалысу қажет» деп, алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дейін елордамыз айнадай тазарып тұру қажет деген ойын жеткізді.

Жиынды аудан басшысы қорытындылап, 29 сәуірде өтетін жалпықалалық сенбілікке дейін белгіленген жұмыстарды толығымен жүзеге асыру үшін жауапты мекемелер мен ұйымдарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Азамат Есенжол

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*