«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Үй алуға сертификат берілді

0 36

Жақында Астанадағы бюджет саласының қызметкерлері миллион теңгелік 100 сертификатқа ие болды. Бұл қаржы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пәтер алу үшін алғашқы жарна ретінде пайдаланылады.

Баспана алуға жағдай жасауға қатыс­ты Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Астана әкімдігі бюджет саласының қызметкерлеріне қолдау көрсету үшін қала бюджетінен 100 миллион теңге бөлген.
– Елбасы жергілікті бюджеттен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны жартылай субсидиялау ісін қарастыруды тапсырды. Бұл сертификаттар білікті педагог, дәрігер, полиция қызметкерлері және басқа да мамандар үшін ипотеканың қолжетімділігін жоғарылатады, – деді қала әкімі Бақыт Сұлтанов құттықтау сөзінде.
Жиын барысында алғашқы жарнаның сертификаттары «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламаларын жүзеге асыру аясында өз қызметіне адал болып, елорданың дамуына үлес қосқан азаматтарға табысталды.
– Біз қаражатты бүгінгі таңда қала­ның дамуына аса қажетті мамандық иелеріне бөлдік. Астанамыз қала тұрғындары үшін ең қауіпсіз және ыңғайлы болуы керек. Ол үшін біз тиісінше білім саласын, денсаулық сақтау және құқық қорғау жүйелерін дамытуға тиіспіз. Әлеуметтік саладағы қызметкерлер де назардан тыс қалмайды, – деді Астана әкімі.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды