«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Түркітілдес түгел бол!

0 7

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова түркі тілдес мемлекеттердің жастар және спорт министрлерімен кездесу өткізді.

Кездесуге Қазақстан Республика­сының Қоғамдық даму министрі Д.Кәлетаев, Түркия Республикасының Жастар және спорт министрі М.Каса­поглу, Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бас хат­шысы Б.Әміреев, Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт вице-министрі И.Исмаилов, Қырғыз Республикасының Жастар, дене шынықтыру және спорт істері агенттігінің директоры Қ.Аманқұлов қатысты.
Кездесу барысында Гүлшара Әбді­қа­лықова Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақа­ласындағы «Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара ша­ңырағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты» деген сөздеріне тоқталды.
– Халықаралық аренада түркі ха­лық­тарының татулығы мен бірлігі идеясын нығайту ісінде Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығының кеңесі маңызды орын алады, – деді Мемлекеттік хатшы.
Бұл ұйымның қолдауымен жастар және спорт саласында іс-шаралар белсенді түрде өткізіліп келеді. Баку қаласында 2018 жылғы сәуірде тұңғыш рет түркі тілдес елдердің студенттік ойындары, қыркүйекте Шолпан-Ата қаласында Көшпенділердің ІІІ дүниежүзілік ойындары өткізілді. Көшпенділердің IV дүниежүзілік ойындарын 2020 жылы Түркияда өткізу жос­парлануда.
– Жастар жылы деп жарияланған алдағы жыл Қазақстан үшін мазмұнды болмақ. Бұл жастарға, олардың мұң-мұқтажына, Қазақстанның бола­ша­ғына ерекше көңіл бөлудің көрінісі болып саналады, – деді Г.Әбдіқалықова.
Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығының кеңесі аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту ісінде қатысушыларға табыс тіледі.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды