«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Түркістанды түлету талқыланды

0 56

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың төрағалығымен «Астана Бас жоспары» ҒЖЗИ ғима­ра­тында Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Жиынды ашқан Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласында құрылыс жұ­мыстарын бастау үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін айтты.
– Түркістан – бүкіл халқымыз үшін қасиетті қала. Біз бұл шаһарды одан әрі дамыту мәселесін жан-жақты талқылап, тиісті тапсырмалар беріп, қажетті қаражат бөлдік. Уақыт келді, алайда ешқандай жұмыс басталған жоқ. Облыс орталығын салу жөнінде белгілеген жоспарды орындауға кірісу керек, – деді Елбасы.
Қазақстан Президенті қаланың әкім­шілік-іскерлік орталығын, тұрғын үйлер алабын және әлеуметтік нысандарды салу басым бағыт болып саналатынын атап өтті.
Жиында Премьер-министрдің бірінші орынбасары А.Маминнің, Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың, Мәде­ниет және спорт министрі А.Мұхамеди­ұлының және Халықаралық сәулет бай­қауы комиссиясының төрағасы А.Зікірин­нің Түркістанның бас жоспарының тұжырымдамасын іске асыру барысы, соның ішінде қалада жаңа нысандар салу жоспарлары туралы баяндамалары тыңдалды.
Соңында Мемлекет басшысы жаңғырты­латын энергия көздерін пайдаланудың маңыздылығына назар аударып, облыс орталығын энергиямен және сумен қамтамасыз ету салаларын жақсартуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды