«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Туризм – табыс көзі

1 216

Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді. Мамандық таңдау деген – өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны таңдау.

Әлемдік тәжірибеде дәлелденгендей, табыс көзі жағынан бүгінгі таңда туризм үшінші орынды иемденіп отыр. Туризм саласы кез келген елдің экономикасында үш тиімді ықпалмен әсер етеді. Олар валюта ағынын көбейтуге, жергілікті жерлерде халықты еңбекпен қамтуға, мемлекет инфрақұрылымын дамы­туға ықпал етеді. Осындай маңызды салада мамандарды даярлау еліміз­дің төрінен орын алған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситетінде туризм мамандығы бойынша болашақ өз ісінің майталмандарын, жанашырларын дайындау жүзеге асырылып келеді.
Бүгінгі таңда кафедра ұйытқы­сымен білім және ғылым саласында халықаралық ынтымақтастық жандануда, нақты айтсақ, туризм саласы дамыған мемлекеттердің оқу орындарымен тығыз байланыс нығаюда.
Аталмыш мамандық бойынша даярланған мамандар бүгінгі күні университетіміздің ұлттық және халықаралық аренада рейтингісін арттыруға үлестерін қосып жүр.
Сонымен қатар халықаралық деңгейде ұйымдастырылған ЭКСПО-2017 мамандандырылған жәр­меңкеде біздің шәкірттеріміз өз мамандықтарының жанашырлары, патриоттары екендігін дәлелдеп, халықаралық деңгейде марапаттаулар мен сертификаттарға ие болды.
Туған жерге деген патриоттық сезім мен сүйіспеншілік еліміздегі туризм саласын дамуына қосатын үлесі жоғары болуы тиіс. Ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы, табиғаты бар елімізде туризм саласын дамытуда үлес қосатын мамандарды даярлау мен жетілдіру университетіміздің басты мақсаты болып табылады.

Бақыт СЫЗДЫҚБАЕВА,
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінің профессоры

  1. Жадыра :

    http://www.kstu.kz
    КАРАГАНДИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
    ВУЗ Первого Президента Республики Казахстан

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды