ТҰРҒЫНДАРДЫҢ «ТҰРМЫСҚА» ҚОЙҒАН ТАЛАБЫ

erm_3368-2-asli

Жақында Facebook әлеуметтік желісінде Н.Тілендиев көшесі, 36 мекенжайы бойын­ша тұрып жатқан тұрғындардың хаты жарияланды. Онда аталмыш үйдің тұрғындары қызмет көрсететін «Тұрмыс» ЖШС компаниясының жөнсіз қымбат тарифтерін сынға алып, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевке істің мән-жайын анықтауға өтініш білдірді. «Астана ақшамы» газетінің редакциясы шырмауы көп, шеші­­мін күткен даудың себебін айқындауға тырысып көрді.

Жазбадағы мәліметтерге сәйкес, «Тұрмыс» тұрғын­дардан коммуналдық қызмет­терді жоғары тарифтермен төлеуді талап еткен. Мә­селе ше­шімін таппаса, бұл жағ­дайдың соңы әлеуметтік қақ­тығысқа да әкеп соқтыруы мүмкін делінген.
– «Тұрмыс» компаниясы біздің үйге екі жыл қатарынан қызмет көрсетіп келеді. Жылу беру маусымы басталғалы бері әр шаршы метрге 500 теңге төлеп келеміз. Ал негізінде қала бойынша бір шаршы метр үшін 80-150 теңге белгіленген. Жуырда тарифтерді қайта есептеуді талап еттік, соның нәтижесінде бір шаршы метр үшін 415 теңге төлейтін бол­дық, – дейді сол үйдің тұрғыны Рамзиля Островская.
Рамзиля Островскаяның сөзіне сүйенсек, о бастан бері бұл үйдің құрылысы даудан бас­талды. Құрылыс біте берген кезде, үйді салушы сот­та­­лып кетті. Қалған құрылыс жұ­­мыстары мемлекет қара­жаты­ның көмегімен аяқталды. Нә­тижесінде, әкімдік 250 пә­­терге ие болып отыр, ал 20 шақты пә­тер салған ком­п­анияға тиесілі.
– Иесі жоқ бос жатқан үй­лердің жылу мен басқа да қызмет­терінің төлемақысын «Тұр­мыс» компаниясы біздің мой­нымызға артып қойды. Ал бұл – мыңдаған шаршы метрді құ­рай­тын үйлер. Тағы бір айта ке­тетіні, мұнай базасынан дербес жылу беру орталығына келген жанармайды рәсімдейтін құ­жаттарды өз көзіммен көрдім. Онда жанар­майдың әр литрі­нің құны 113 теңгеден деп көрсе­тілген, ал бізге 131 теңгеге сатып отыр, – деп налыды Рамзиля.
Бұл үйдің күрмеуі қиын күр­делі мәселесі – орталық жылу беру мекемесіне қосылу мүмкіндігінің жоқтығы. Се­бебі, оған кейбір жылу беру орта­лығының қуаты жет­пейді. Сондай-ақ, қажетті инже­нер­лік инфрақұрылым жоқ. Тұр­ғындардың айтуынша, бір бөлмелі пәтердің жылуына ай сайын 30000 теңге төленеді. Бұған басқа да коммуналдық қызметтердің ақысын қосқанда, бір айда 45000 теңге шамасында төлем жасалады. Астана­лықтар бұл мәселені шешу үшін прокуратураға да бас сұққан, Астана қаласы Сарыарқа ау­данының әкімдігіне де жүгін­ген. Бірақ, өкінішке қарай, еш нәтиже жоқ, – дейді олар.
Тұрғындарды тағы бір мәселе мазалап отыр. «Тұрмыс» кә­сіпорнының қызметкерлері халыққа ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізбей жатып, осы үйдің кондоминиу­мын тіркеуден өткізді. Енді, кондоминиумның иесі «Тұр­мыс» болып шықты. «Бұл не үшін жасалып отырғаны айтпаса да түсінікті» дейді ша­ғымданушы тарап.
«Тұрмыс» компаниясы мен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынасты келесідегідей жағдай жақсы айқындайды. Күнде таңертең үй тұрғындары жылумен қамтамасыз етіп тұр­ған мекемеге барып, құрал­дардың көрсеткіштерін жазып, мұқият бақылау жүргізіп отыр. Тұрғындардың айтуынша, бұл жанармай ұрлығын болдыр­мауға септігін тигізеді.
Ал екінші тараптың пікі­рінше, айтылған уәждің бар­лығы – тұрғындардың қар­жылай сауат­сыздығынан туындап отыр.
– Нұрғиса Тілендиев көшесі, 36 үй тұрғындары бізді бостан-босқа айыптап отыр. Олардың есебінен артық ақша алып отырмыз деген айып орынсыз. Жылу беру маусымынан бас­тап, тұрғындар көрсетілген қызмет үшін небәрі 11 млн теңге қаржы төледі. Ал олардың берешегі 28 млн теңгеден асып жығылады. Қазіргі таңда, біз жанармайды кепілдік хатпен, яғни, қарызға алып отырмыз. Біз тасымалдаушыларға 8 млн теңгеге жуық қарызымыз бар. Осы ретте қандай шара қолдануымыз керек? Егер жылу беруді тоқтатсақ, тағы шу шығады, – деп «Тұрмыс» ПИК директорының орынбасары Асылхан Әбілдинов өз пікірін білдірді.
Ал осы мекеменің бас есеп­шісі Гүлмира Рамазанова­ның айтуынша, мұндай қарым-қатынас олардың да мазасын қашырды. Қазіргі таңда, ең бас­тысы – жылу беру маусымын жақ­сылап аяқтау. Ал қалғаны – алдағы уақыттың еншісінде.

Гүлмира Рамазанова,  «Тұрмыс» ЖШС компаниясының бас есепшісі: – Біз өз қызметкер­лерімізге бірнеше ай бойы жалақы төлей алмай отыр­мыз. Өйткені, тұр­ғын­дар төлемақыны дер кезінде өтемей жатыр. Біз бірнеше рет аталмыш үйдің тұрғындарын бас қосуға шақырдық, бірақ әрдайым белгіленген уақытта жиналысқа кел­мейді. Ал кондоминиум мәселесіне келетін болсақ, бұл процесс заң шеңберінде шешілді. Енді жанармай жағдайын айқындайық, тұрғындар айтып тұрған 10 пайыздық қосым амор­тизациялық шығынға жатады. Яғни, дербес жылу беру орталығын қажетті қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету және үш оператордың еңбекақысы. Бар болғаны осы. Заң бо­йынша, біз амортиза­ция­лық шығынды 25 пайызға дейін белгілеуімізге болады. Бірақ біз тұрғындардың қиын жағдайын ескеріп, жәрдем көрсетудеміз, – деп түсіндірді Гүлмира Рамазанова.

Бірнеше айға созылған нәти­жесіз келіссөздер жақын арада шешілуге тиіс. Себебі, «Тұрмыс» мекемесі мен тұр­ғындар Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұ­хаметовтің қабылдауына жазылды. Біз де даудың нүктесі сол кезде қойылатынына сенім білдіреміз.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Сонымен қатар

Ақселеу аманаты

Көбіне санамызға сия бермейтін құдірет сырын тар түйсікпен түйіндей салатынымыз бар. Осындайда өмір жалғастығын өзінше …

2 comments

  1. Опять представители Турмыс врут, когда это было, они назначают собрание и жильцы не ходят????? Всегда инициаторами собраний являются, как раз-то жильцы, а вот руководство Турмыс через раз присутствуют на этих собраниях!!!!! Почему, они не сказали, о двух инжнерах /мертвые души/????? Бессовестно и нагло врут!!!! Пусть уходят, достали уже

  2. Какие пожертвования!!!! Что за бред несут снова, три оператора которых несуществует… снова жильцы виноваты… почему с этим ТОО ТУРМЫС никто не может решить вопрос…. я не понимаю одного они не прикасаемые что ли????? В нашем доме одни молодые семьи живут, у всех маленькие дети… в холоде сидят ДЕТИ!!!! Их дети также сидят ли в холоде??? Когда же наша городская власть решит вопрос????

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған