«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тұрғындар ұсыныстары ескерілді

0 12

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Байқоңыр ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен абаттандырылуына байланысты баспасөз мәжілісі өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетов аудан аумағындағы жолдарды абаттандыру, салу және жөндеу, өндірістер мен базарларды жаңғырту, тұрғындарға өмір сүруге қолайлы жағдайлар қалыптастыру, жарықтандыру мәселелеріне байланыс­ты осы уақыт аралығында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баян­дады. Жалпы аудан аумағында 234 аула бар болса, қазіргі уақытта оның 144-і – қанағаттанарлық жағдайда, 67-сі жөндеу­ді қажет етеді. Ауданы 3430 ш.м жаяу жүргіншілер жолы салынған. Ауданда 216 көшенің 151-і жарықтандырылып, 5000 метр жарықтандыру желісіндегі сымдар ауыстырылған. Биылғы жылы 1780 ағаш және 800 бұта отырғызылыпты. Базарлар заманауи сауда форматына көшкен. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштеріне байланысты тағы 3 жылы аялдама кешенін орнату жоспарлануда. Ал 2020 жылы (С.Сейфуллин, Ж.Омаров, Сырдария көшелерінің қиылысында) 900 орынға арналған жаңа мектеп құрылысының аяқталуы күтілуде. Сөз соңында, «Алдағы жылы Қоршаған ортаны қорғау басқармасымен бірлесе тұрғын алабы аумақтарында үш саябақтың құрылысын жоспарладық. Бұл аумақтар концерттік бағдарламалар ұйымдастырылатын және тұрғындар демалатын қолайлы орынға айналмақ, сондай-ақ «Кирпичный» тұрғын алабында жаңадан саябақ ашылмақ. Бұл нысандарға Қоршаған ортаны қорғау басқармасы тапсырыс беріп отыр. Аудан әкімдігі тұрғындар ұсыныстарын ескере отырып, қолайлы жағдай жасалуы үшін бұл мәселені тыңғылықты пысықтайды» деді Р.Досмағамбетов.

Жадыра МҰРАТБЕКОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды