«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ТҰРҒЫНДАР ТЫНЫШТЫҒЫ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

0 74

Алматы ауданының Ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметінің басшысы Алмас Жаппаров жарты жылда атқарылған жұмыстардың есебін берді. Есеп беру кездесуіне қалалық мәслихаттың депутаттары, Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің, аудандық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ПИК және әлеуметтік сала ұйымдарының өкілдері қатысты.

20151112100704

Алматы ауданы әкімінің орынбасары Асқар Есілов төрағалық еткен жиында биылғы жұмыстардың қорытындысы баяндалды. Полиция подполковнигі Алмас Жаппаровтың мәлімдеуінше, аудандық Жергілікті полиция қызметі жыл басынан бері 23 849 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, 1,5%-ға төмендеген. Оның 13 770-іне ескерту жасалса, 8599 құқық бұзушылыққа 10 135 105 теңге көлемінде айыппұл салынған. Сондай-ақ, құқық бұзғандардың 1725-і 18 795 254 теңге шамасында айыппұлмен жазаланған.
Ағымдағы жылы учаскелік инс­пекторлар 161 есеп беру кездесуін өткізді. Жиындарға 20104 тұрғын шақырылғанымен, бар болғаны 4686 азамат қатысты. Сараптаулардың нәтижесінде халықты толғандыратын мәселелер ретінде аулалар мен аумақтардың абаттандырылуы, көлік тұрағының жетіспеушілігі, жолдар мен кіреберістерді жөндеу сияқты әлеуметтік сипаттағы жағдайлар аталды.
Сонымен қатар, «Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік инспекторыңызбын!» атты акция ұйымдастырылып, 124 415 жер араланды. Оның ішінде 1060 көп қабатты үйлер мен 8803 жеке үйлер болса, 12-сі – саяжай алаптары.
Жарты жылдық жұмыстың қоры­тындысына қанық болған ПИК өкілдері жиын соңында көкейтесті сұрақтарын қойды. Тыңдалған мәселелердің біразы аймақтарда нашақорлар мен қаңғыбастардың көбейгенін аңғартты. Сондай-ақ, зәбір көрген әйелдерге көмек көрсетіп, оларды паналату жайы да сөз болды. Бұл сауалға құлақ түрген Астана қаласы Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Ғұсман Жакин Сарыарқа ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсететін Дағдарыстық орталықтың жұмыс істейтінін, ондай азаматшаларға білікті психологтар кеңес беретінін айтты.
Тұрғындар тыныштығы мен қауіп­сіздігі үшін күні-түні тынбайтын Жергілікті полиция қызметі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 30-қадамы бойынша жүзеге асуда.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды