«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тұрғындар сауалы жауапсыз қалмайды

0 13

Қалалық әкімдікте «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша өткен кеңесте халықпен кері байланысты нығайту мәселелері талқыланды.

Елбасы Нұрсұлтан ­Назарбаев Nur Otan партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қоғаммен кері байланысты нығайтуды тапсырғаны белгілі. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшуді тапсырды. Кеңес барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов халықпен кері байланыс динамикасы айтарлықтай жақсарғанын айтты. Қала тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында, сонымен қатар «iKOMEK109» мониторинг және жедел әрекет ету орталығында өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап ала алатынын атап өтті. Алайда осы бағытта әлі де атқарылатын жұмыстар жеткілікті екені айтылды. «Тұрғындарды толғандыратын сұрақтарға уақтылы жауап беру – ең маңызды әрі басты жұмыс» деп атап өткен А.Көлгінов осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Жалпы, соңғы үш ай ішінде қала әкімі 500-ден аса адамды қабылдады, 1400-ге жуық сұрақ қаралып, олардың 85 пайызы өз шешімін тапты. Тұрғындарға заң аясында көмек көрсетіліп, кеңестер берілді. Сондай-ақ азаматтарды қабылдау­ды әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары жүйелі жүргізіп келеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды