«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тұрғын үйдің жағдайы анықталады

0 36

Елорда әкімдігі көп­пәтерлі тұрғын үйлердің (КТҮ) ахуалына бақылау жүргізу және әрбір КТҮ-дің техникалық жағдайын анықтауға кірісті.

Бақылау мынадай тармақтар бо­йынша жүргізіледі:
1 – қасбеті тозған үйлер;
2 – шатырынан су ағатын үйлер;
3 – жерасты суларының әсерінен жертөлесін су басқан үйлер;
4 – кіреберісінде жылу радиаторлары қосылмаған, терезелері сынған, кіретін есіктері сынған немесе жабылмайтын, электр қуаты қалқаны жоқ үйлер және т.б.
Нұр-Сұлтан қаласының қалалық ортаның сапасын бақылау басқармасы елордалықтарға мынадай өтініш білдіреді: тұрғын үйлердің ахуалы туралы ескерту, ұсыныс, тілек, идеяларыңызды
@ukkgs.astana.kz, @ukkgs_astana электронды мекенжайына, немесе 8 7756714828 WhatsApp нөміріне жолдаңыз­дар. Қала тұрғындарының барлық ескертулері Кешенді іс-шаралар жоспарын жасау барысында назарға алынады.
«Біз елордалықтардың ой-пікірін ескермей, жұмыс бастамаймыз. Қаладағы мәселелерге қатысты маңызды идеялар, ескертулер мен пікірлерді бір жерге жинақтау өз қаламызды бірлесіп гүлдендіруге мүмкіндік береді» дейді басқарма басшысы Төлеген Құлышев.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды