«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тұрғын үй жарнасына – сертификат

0 64

Астанада мұғалімдер, дәрігерлер және полицейлерге тұрғын үй алу үшін 1 млн теңгелік сертификат беріле бастайды.

Астана әкімдігі Мемлекет басшы­сының Жолдауындағы тапсырманы іске асыру шеңберінде бағдарлама әзірлеп, жоғарыда аталған топтарға тұрғын үй алу үшін 1 млн теңге кө­лемінде алғашқы субсидиялық жарна қарастырып жатыр. Әкімдікте өткен баспасөз конференциясында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ақмар Саипов жыл соңына дейін 100-ге жуық сертификат бөлінеді деп мәлімдеді.
– Тұрғын үй құрылыс жинақ бан­кі мен Астана әкімдігі арасында бекітілген келісімшарт бойынша Білім басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы және қалалық Ішкі істер департаменті өздері іріктеу жүргізіп, тізім жасап шығады. Содан соң ол тізімді аталған банкке төлем қабілетін растау үшін ұсынады. Төлем қабілеті бар деп бағаланғандарға біз субсидия төлейміз. Жыл соңына дейін қарашада қабылданған мәслихаттың шешімімен 100 сертификат беруді жоспарлап отырмыз. Келесі жылы 3 мың сертификат беріледі, – деді Ақмар Саипов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды