«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тұңғыш сапар түйіні

0 35

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Ресей Федерациясына ресми сапармен болды.

Ашық, достық және сындарлы жағдайда өткен келіссөздер барысында мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастардың негізгі мәселелерін, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ынтымақтастықты, сондай-ақ өз­ара мүддені көздейтін өңірлік және халықаралық өзекті проблемаларды мұқият талқылады.
Мемлекет басшылары екі елдің саяси, сауда-экономикалық, қорғаныс және әскери-техникалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ықпалдастықтың орнықты оң қарқынына көңілдері толатынын атап өтіп, 1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартта, 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік дос­тық пен одақтастық туралы декларацияда және 2013 жылғы 11қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік пен одақтас­тық шартында негізі қаланған қағидаттар мен міндеттемелерге деген адалдықтарын растай отырып, бірлескен мәлімдеме жасады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды