«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тұңғыш ғарышкер қазақ жерінен ұшты

0 78

Кеше ҚР Қарулы Күштерінің әскери-тарихи мұражайында Байқоңыр ауданы әкімдігі мен мұражай әкімшілігі бірлесіп, Ғарышкерлер күніне арналған мерекелік шара өткізді. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Тоқтар Әубәкіров құрметті қонақ ретінде қатысып, қуанышымен бөлісті.


Әуелі қонақтар мұражайдың ғарыш саласы жетістіктерін паш етуге арнайы дайындалған залын аралап шыққан. Одан соң ғарышкерлерді құрметтеу шарасы мен концерттік бағдарлама қойылды. Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Қаналимов кештің беташар сөзін сөйледі. Ғашы
Жиын барысында Тоқтар Әубәкіров журналистердің сұ­рақтарына жауап берген. «Бұл күн – біздің еліміз үшін үл­кен мереке. Себебі бірінші зымыран біздің Қазақстаннан шықты. 1957 жылғы 4 қазанда Байқоңыр айлағынан құрлық­аралық баллистикалық зымыран көмегімен орбитаға алғашқы жасанды серік ұшырылды. Ал 1961 жылы алғашқы ғарышкер тағы да біздің Байқоңырдан шықты. Байқоңыр – Қазақстанның жері. Олай болса, бүкіл қазақстандық­тардың осы мерекеге қатысы бар деп ойлаймын» деді ол.
Қазақстан әлемдік техно­ло­гия­дан, ғарыш технология­сынан қалмай, Байқоңыр ғарыш айлағын дамытатын болса, елімізге жаңа техника, технология келетінін айтқан ғарышкер әлем қауіпсіздігіне алаңдайтынын да жасырған жоқ. «Жерді сақтап қалатын – ғарыш. Ғарыш ойыншық емес. Кім болса сол ойына келгенін істей беретін болса, адамзатқа, жерге қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан, ғарышты игеруге қатысты, ғарыш қай жерден басталып, қай жерден бітеді – соның бәрін нақтылап, бекітетін дүние жүзілік заң керек. Оны БҰҰ қолға алуы керек деп ойлаймын» деді.

Нәзира БАЙЫРБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды