ТҰҒЫРДА – ТӨЛ СПОРТ

Астанадағы «Бастау» спорт кешенінде қазақ күресінен ұлттық құрама балуандары БАҚ өкілдеріне шеберлік сабағын өткізді.

27-29 қазан күндері Астанада өтетін Qazaq Kuresi World Championship байрақты бәсекесіне жаттығып жатқан балуандар шара барысында жамбас, шалу, кеудеден асырып лақтыру, арқаға салып лақтыру сияқты қазақ күресінің әдіс-тәсілдерінен өнер көрсетті. 9 салмақ дәрежесі бойынша өтетін АҚШ, Қытай, Ресей, Бельгия сияқты әлемнің қырық елдің кіл мықтылары бақ сынайтын байрақты бәсекеде Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Руслан Әбдіразақов, Александр Косачев сынды балуандар еліміздің намысын қорғамақ. Халықаралық қазақ күресі федерациясының кеңесшісі Ұлан Рысқұлдың айтуынша, чемпионатқа қатысатын балуандардың дайындығы өз деңгейінде. Белдесулерге шетелдік төрешілер де төрелік жасамақ.
Жақында ғана «Әлем барысы» атанған Айбек Нұғымаров осы жолғы чемпионаттың да жөні бөлек екенін айтады.
– Моңғол, орыс, өзбек, тәжік балуандары мықты қарсылас болуы мүмкін. Алайда әр спортшының мақсаты – жеңіске жету. Сондықтан өз жерімізде өтетін чемпионатта жасындай жарқылдап, жеңісті қолдан бермеуге тырысамыз, – дейді балуан.

Сонымен қатар

ЕЛ БІРІНШІЛІГІНІҢ ЕҢ БІРІНШІЛЕРІ

Шымкент қаласында өткен бокстан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Он күнге созылған бәсекенің он салмақ …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған