«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Туған жерге тағзым

0 41

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Еуразия гуманитарлық институтының «Аққу» әдеби бірлестігінің ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» атты әдеби кеш болып өтті.

Кеш барысында өнерлі студенттер бел­гілі ақындардың ту­ған жер, ауыл, қала тақырыбындағы поэ­зиялық туындыларын нақышына келтіре оқып, лирикалық әндер шыр­қады. Бірлестіктің жас ақындары туған жерге арналған өз өлеңдерін ұсынды.
«Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни ту­ған жеріңе деген сүйіс­пеншіліктен баста­лады» деген Елбасы сөзі негізінде театр­ландырылған қойы­лымды шебер көрсетті. Отанымыздың әр­бір өңірінің ерек­ше­ліктерінен сыр шер­тетін слайд-шоу да кө­рермендер назарына ұсынылды.
Кеш соңында институт деканы, доцент Қ.Мамаділ: «Кештің әсерінен әрқайсымыз бір сәтке туған жерімізге ойша саяхат жасап қайттық. Осындай кештер санамызға рухани серпіліс беріп, қанаттандыратыны рас. Сондықтан да рухани әлемімізді байытып, отансүйгіштікке жетелейтін кештерді жиі өткізіп тұру қажет» дей келе, шараны ұйым­дастырған доцент Лау­ра Дәуренбековаға ал­ғысын білдірді. Әдеби кешке жиналған қауым қара өлең мен жанды да­уыста шырқалған әсем әндерден ерекше әсер алып, жігерленіп қайтты.

Мерболат ЕРМЕКОВ,

Еуразия гуманитарлық институтының 4-курс студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды