«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Түбіртектің түп тамырына үңілсек…

1 367

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп 4 жылдан бері өткізіп келе жатқан «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал» науқанының биылғы бас жүлдесінің иегері анықталды.

Қаржы министрлігінің мәжіліс залында ақпарат өкілдерінің қатысуымен өткен шарада 30 мыңнан астам қатысушының «wipon» жүйе­сіне жіберілген 2.3 миллионнан артық түбіртегіне компьютердің автоматты таңдау жасауының нәтижесі бойынша, Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылының тұрғыны Кәкенова Орынбала небәрі 360 теңгенің түбіртегімен темір тұлпарды ұтып алды. Ал бірінші сыйлық телевизорды 585 теңгенің түбіртегімен Астана қаласының тұрғыны Ысқақова Ұлдай ұтып алса, екінші сыйлық-планшетті 429 теңгенің түбіртегімен Алматы қаласының тұрғыны Оханова Айнұрға бұйырды. Жалпы, шара барысында 91 мыңнан аса түбіртек жіберген Түркістан облысының тұрғыны Жанар Қозғамбае­ва «ең белсенді қатысушы» атанып, планшетпен марапатталды.
«Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал» науқанның бәйгесін ұтып алуға әркімнің мүмкіндігі бар. Тек тауар сатып алғанда берілген түбіртекті «Wipon» тегін мобильді қосымшасына суретке түсіріп жіберсе болғаны барлық тұтынушы науқанға қатысуына болады.
«Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал» науқанның басты мақсаты – елімізде тұтынушылардың өз мүддесін қорғап, салиқалы салық төлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дамыған елдерде тауар сатып алғанда, міндетті түрде зат сатып алған түбіртекті беруін талап етеді, сатушы да түбіртекті сатқан тауар­мен қосып қолына ұстатады. Бұл жерде олардың екеуі де мемлекетке салық тапсыруды міндеттіміз деп біледі. Одан қалса, түбіртекті сол тауарды сатып алғандығының дәлелі ретінде сақтап, түбі тауардың сапасында мәселе байқалса, сол түбіртек арқылы өз мүддесін қорғайтын әдет қалыптасқан. Мұны біздің ел азаматтарының көпшілігі ескермейді. Мәселен, бір тұтынушы 10 мың теңгеге сатып алған тауарының түбіртегін талап етуден мемлекет бюджетіне 300 теңгенің түсуін қамтамасыз етеді. Ендеше, есептей беріңіз, 100 мың адам түбіртекті талап етуінен бюджетке қанша қаржы түседі? Демек, салықты қалтаға түсетін салмақ ретінде емес, саналы түрде әр азаматтың елді өркендетуге, шаруашылықты шалқытуға қосатын маңызды үлесі деп қараған дұрыс.

Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ

  1. Арай :

    360 теңгенің түбіртегі бір машинаға жараған не деген керемет!

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды