Четверг, 21 Сентябрь 2017
-->

ЦИРК ӨНЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ АШЫЛДЫ

Астанада «ЭКСПО-2017» халық­аралық мамандандырылған көрме аясында Қала күніне арналған «Азия жаңғырығы» цирк өнерінің Х халықаралық фестивалі ашылды. Оған Беларусь, Мысыр, Қырғызстан, Монако, Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Эфиопия, Қытай және Қазақ­станның әртіс­тері қатысып жатыр.

Цирк өнерінің әлемдік жетістіктерін көрсететін фестивальде түрлі мәдениеттер тоғысады. Алайда фестивальді өткізудің мақсаты – қоғам назарын цирк өнеріне аудару.

Цирк ежелгі өнер түрінің бірі болса да, заманға сай дамып, өркендеп келеді. Әрине, оны қазір жаңа технология­ларсыз көзге елестету мүмкін емес. Фестивальді ұйымдастыру комитеті де мерейтойлық шараны бұрынғы классикалық дәстүрде емес, жаңа форматта өткізіп отыр. Бұл жолы әртістер манежді-субұрқақты кешенде өнер көрсетуде.Лазерлік, жарық беру қондырғылармен жабдықталған ерекше манеждік кешен көрер­менге болашақ циркті таныстырады. Бұл жаңашылдық циркке келушілерді бейжай қалдырмайтыны анық. Фестиваль 6 шілдеге дейін жалғасады.

Аманғали Қалжанов

Print Friendly, PDF & Email
PDF24    Отправить статью как PDF   

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*