«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Төрткүл әлем триатоншылары төрімізде

0 25

Жексенбі күні елордада триатлоннан IRONMAN 70.3 ASTANA халықаралық турнирі өтті. 50 мемлекет өкілі қатысқан айтулы шараны Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ашып, жарысқа жиналғандарға сәттілік тіледі.

Турнирге әлемнің 50 мемлекетінен 1400-ден астам адам қатысты. Үш кезеңнен тұрған сайыста бірінші және екінші кезеңдерде қатысушылар 2 шақырымды сумен жүзіп, 90 шақырымды велосипедпен жүріп өтті. Соңғы кезеңде 21 шақырым қашықтыққа жүгірді. Қала басшысы осы үшінші кезеңге қосылды.
«Мұндай xалықаралық жарыстардың елордада өтуі спортқа деген көзқарасымыз­ды жаңа дәрежеге көтеретіні сөзсіз. Туристер мен инвестицияның қалаға ағылуына ықпалын тигізеді. Әсіресе, жастардың бұқаралық спортқа деген қызығушылығын арттырады» деді А.Көлгінов.


Шынымен, жарысқа әр елден арнайы лицензиясы бар кәсіби триатлоншылар жиналды. Олардың арасында Tim Don, Radka Kahlefeldt, Nils Fromhold, Даниил Сапунов, Алексей Калистратов сынды спортшылар болды. Қатысушылардың ең егдесі Жапониядан келген 78 жасар желаяқ дайындығын көрсетті.
Турнирді тиімді ұйымдас­тыру мақсатында қала қонақтарына және спортшыларға жәрдемдескен, ­шетелдіктермен жұмыс істеу­де үлкен тәжірибеге ие еріктілер тартылды. Сондай-ақ іс-шара барысында әлемдік брендтердің спорттық ­EXPO жәрмеңкесі ұйымдас­тырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды