«ТОРПЕДОҒА» ТӨТЕП БЕРДІ

Астананың «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ-дың кезекті турында «Торпедо» командасымен кездесіп, овертаймда 4:3 есебімен алға озды.

Нижний Новгород қаласында өткен ойын өте тартысты өтті. Алғашқы 5 минуттың өзінде есеп 1:1 болды. Алдымен айдын иелері 3-минутта қонақтардың бір ойыншысы кемдігін пайдаланып, есепті ашқан болатын. Бірақ арада бір минут өткенде, елордалықтар таразы басын теңестіріп үлгерді. Бірінші айналым бітемін дегенше «Торпедо» сапынан Геннадий Столяров командасын алға шығарды.
Екінші кезең бастала сала «Барыс» есепті қайта теңестірді. Ерекшеленген – Даррен Диц. Дегенмен 31-минутта Каспарс Даугавиньш салған шайбадан кейін қарсыластар басымдыққа ие болды.
Қос тарап кезек-кезек шайба алмасқан тартыс­ты ойын соңғы айналымда Найджел Доустың голымен теңесті. Сол Доус қосымша уақытқа созылған ойында тағы бір шайба авторы атанып, кездесудің тағдырын шешті.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Сонымен қатар

ЕЛ БІРІНШІЛІГІНІҢ ЕҢ БІРІНШІЛЕРІ

Шымкент қаласында өткен бокстан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Он күнге созылған бәсекенің он салмақ …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған