«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Томирис фильмі көрсетілді

0 22

Елордада танымал режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи кино туындысының таныстырылымы өтті.

Тарихи кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және «Sataifilm» компаниясы бірлесе түсірген, бас продюсері – Әлия Назарбаева. Кинотуынды біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Кейіпкерлер көне түркі тілінде, ал парсы патшасы Кир көне парсы тілінде сөйлейді. Томиристің рөліне көптеген үміткерлердің арасынан Альмира Тұрсын бекітілсе, 15 жастағы рөлін Салтанат Серкебаева, ал 10 жасар басты кейіпкерді Лия Фомина сомдады. Ал басты рөлдерді еліміздің танымал кино жұлдыздары Асылхан Төлепов, Берік Айтжанов, Азамат Сатыбалды, Әділ Ахметов, Кәмшат Жолдыбаева, Ғасан Масуд, Аян Өтепберген, Мұрат Бисенбин сомдады. Кирдің рөліне Ридли Скоттың «Царство небесное» фильмінде Саладин патшаның рөлі арқылы танылған голливуд актері Гасан Масуд шақырылған. Фильмнің түсірілім жұмыс­тары Қазақстанның көркем жерлерінде Алматы облысы Заречный ауылы, Жаркент, Шонжы, Бурабай мен Баянауылда жүргізілді.
«Біздің басты мақсатымыз – тарихтың қыр-сырын мейлінше кеңірек көрсету. Яғни біздің дәуірімізге дейінгі V – VI ғасырда Орталық Азияда тұрып жатқан сақтардың, массагеттердің, сондай-ақ басқа да тайпалардың тұрмыс-тіршілігін, соғысын және өнерін, сол сияқты қазақ халқының, мәдениетінің мыңдаған ғасырлық тарихы барын көрсету. Бұл жобада біз екі жыл көлемінде тер төктік. Аңызға айналған Томирис­тің тағдыры біздің көрер­мендерімізге ғана емес, шетелдіктергеде қызық болады деп сенемін» деді Ақан Сатаев.

Жадыра МҰРАТБЕКОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды