-->

Төлеушілер тізімі кеңеймек

Қазіргі уақытта «Міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру туралы» қолда­ныстағы заңға сәйкес жарна төлеуші­лердің қатарында жұмысшылар, кәсіп­керлер,  нотариустар, сот үкімін орындаушылар, адво­каттар, кәсіби медиаторлар және азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім шарттар негізінде қорға төленуге тиісті ақша табатын жеке тұлғалар бар. Енді, жаңа заң жобасы аясында төлеу­шілер тізімі тағы кеңейетін болады.

Medicine doctor hand working with modern computer interface as medical concept

Қазіргі уақытта «Міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру туралы» қолда­ныстағы заңға сәйкес жарна төлеуші­лердің қатарында жұмысшылар, кәсіп­керлер,  нотариустар, сот үкімін орындаушылар, адво­каттар, кәсіби медиаторлар және азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім шарттар негізінде қорға төленуге тиісті ақша табатын жеке тұлғалар бар. Енді, жаңа заң жобасы аясында төлеу­шілер тізімі тағы кеңейетін болады. 

Елімізде аккредитациядан өткен шет мем­­лекеттің дипломатиялық және оларға теңелген өкілеттіліктерін де, ше­телдік мекемелерде жұмыс істейтін тұлға­ларды да қосу көзделуде. Заң жоба­сында ха­лық­-аралық және мемлекеттік ұйым­дарда, шетелдік және қазақстандық үкі­меттік емес ұйымдарда, қорларда жұмыс істей­тін (халықаралық келісім шарттарға сәйкес салық агенттері болып табылмайтын) тұлғаларды міндетті медици­налық сақтандыру жарнасын төлейтіндердің қатарына қосу қарастырылуда. Олар 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап есептелген кіріс көлемінің 5% төлейтін болады.
Ал, «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР заңымен бекітілген, яғни өзін-өзі жұмыс­пен қамтып отырғандар мен ел аумағынан тыс жерлерге шық­қан азаматтар 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 айлық жа­лақы көлемінің 5%-ын төлейді.
Айта кетейік, жаңа заң аясында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың әлеуметтік-қорғалмаған тобына мемлекет тарапынан 3,75 %, 2018 жылдан бастап 4%, 2023 жылдан бастап 6% қаржы бөлінеді. Жұмыс берушілердің жұмысшыларға бө­летін жарналарының көлемі 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 1% теңелетін болса, 2022 жылдан бастап көрсеткіш 3%-ға дейін көбейеді.

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*