«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Төлегенованың тартуы

0 47

Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай «Астана» концерт залында КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Бибігүл Төлегенованың жеке концерті өтті. Мерекелік шараны Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен «Мирас» қоғамдық ұлттық мәдениет қоры ұйымдастырды.

«Өз дәуірінде дүрілдеп, сол кезде қазақ опера өнерін биікке көтерген дара һәм қатарлас тұлғалар өкінішке қарай қалмады. Қазір сол дәуреннің көзі тірі әншісі – жалғыз өзіммін. 2014 жылы мерейтойлық концертімді өткіздім. Ал биылғы кешімді Астананың 20 жылдығына арнаймын» деді қазақ ән өнерінің жарық жұлдызы.
Кеш бойы өнерсүйер қауым күміс көмей, жез­таңдай әншінің бұлбұл даусын естіп, таңғажайып ән мерекесінің куәгері болды. Сондай-ақ сахна төрінде Бибігүл Төлегенованың халықаралық вокалистер байқауының лауреаттары, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Толқын Забирова, Талғат Мұсабаев, Әлфия Кәрімова, Азамат Жылтыр­көзов, Жұпар Ғабдуллина, Дина Хамзина, Медет Шотабаев, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мәлік Азат сынды жас опера жұлдыздары өнер көрсетті. Концертті Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі (көркемдік жетекшісі Берік Батырханұлы) сүйемелдеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды