ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТУРНИРІ

«Нұр Отан» партиясының елордалық филиалы мен Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациямен бірлесіп «Astana Open-2016» республикалық байқауын ұйымдастырды.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әрі партияның «Ұлы дала елі» атты бағдарламасына сәйкес өткізіліп отырған бәсекеде 200-ге жуық оқушы ұлттық ойын түрлері – тоғызқұмалақ пен бестемшеден бақ сынайды. Фестивальдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филиалы төрайымының орынбасары Ахмет Сейітов: «Аталмыш ойын түрлері ежелгі хандар мен билер дәуірінен бері танымал. Бұл игі дәстүр бүгін де жоғалған жоқ. Қазіргі таңда Қазақстанның 100 мыңнан аса тұрғыны тоғызқұмалақпен айналысады екен. Солардың арасындағы ең жас толқын – өздеріңсіңдер» деп жеткіншектерге сәттілік тіледі. Салтанатты жиынға Мақсат Шотаев, Айнұр Жақыпбаева, Ғабидолла Нұршин, Арыстан Қапаев, Білімжан Елеусінов сынды белгілі жаттықтырушылар мен Ғалымжан Темірбаев, Айдос Сейітжан, Нұрбек Қалиев, Серік Ақтаев секілді ұлттық ойыннан әлем чемпиондары қатысты.

Маусымның 5-іне дейін жалғасатын осы жарыстың жеңімпаздары тамыз айында Қытайда болатын Азия чемпионатына жолдама алады.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Сонымен қатар

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУГЕ – 70 МЛРД ТЕҢГЕ

 «Елбасының бүгінгі халыққа арнаған Жолдауын жүзеге асыру үшін бюджетті тағы бір нақтылау қажет» деді бүгін …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған