«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Тобыл» топ бастады

0 21

Қазақстан Премьер-лигасының 3-туры ойындары өтіп, әзірше топ басына Қостанайдың «Тобылы» шықты.

Нұр-Сұлтанның «Астанасы» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісу» командасымен кездесті. Осыған дейін екеуі де алты ұпайдан жинаған бұл командалардың ойыны көрікті болды. Алаң иелері ойын басында қонақтардың айып алаңында қауіпті шабуылдар жасап, әжептәуір састырды. 12-минутта Руслан Степанюктің тепкен добы Ненад Эрич күзеткен қақпаның маңдайшасына тиді. Оқтаулы мылтықтай астаналықтар 26-минутта есеп ашты. Алдымен допты қақпаға Юрий Перцух бағыттаған, онысы Андрей Шабановтың қолынан кейін серпіліп, Марин Аничич қайта теуіп, голға айналдырды.
Екінші таймда елордалықтар есепті еселеді. 58-минутта Дорин Ротариу ерекшеленді. Бұған «Жетісу» жауап қата алмай, ойын 0:2 есебімен «Астананың» пайдасына аяқталды.
Турдың қалған ойындарына келсек, Алматының «Қайраты» сырт алаңда «Ақтөбені» 3:1 есебімен, «Тараз» өз жерінде «Атырауды» 2:0 етіп жеңді. Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен Шымкенттің «Ордабасы» командалары голсыз ойнап, тең түсті. Ал «Астана Аренада» Қарағандының «Шахтері» мен Қостанайдың «Тобылы» кездесіп, екіншісі 1:0 есебімен ұтты. Және бұл жеңіс «Тобылды» турнир кестесінде гол айырмасымен бірінші орынға шығарды. Сондай-ақ одан кейін жайғасқан «Астана» мен «Қайраттың» еншісінде де 9 ұпайдан бар.
Енді «Астана» 3 сәуірде өз алаңында «Атырауды» қабылдайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды