«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Тобыл» тақалып тұр

0 18

Футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында он екінші турдың ойындары өтті.

Турнир кестесін бастап келе жатқан «Астана» бұл жолы да жеңіске жете алмады. Көкшетауда жергілікті «Оқжетпес» командасымен ойнаған елордалықтар қарсыластарымен ұпай бөлісті. Бірінші таймда Роман Мұртазаев есеп ашып «астаналықтарды» алға шығарып еді, бірақ ойын аяқталар тұста көкшетау­лық Милан Стоянович есепті теңестіріп кетті. Осы ойында астаналық Серікжан Мужиков «қызыл» қағаз алып, алаңнан қуылды.
Турнир кестесінде «Астана» бірінші орында тұрғанымен, екінші орында келе жатқан қостанайлық «Тобыл» көшбасшыға тақап қалды. Араларын үш ұпай бөліп тұр. Ал «Астана» командасының басқа командаларға қарағанда екі ойынды артық өткізіп қойғанын ескерсек, жақын арада турнир кестесінің басына қостанайлықтар шығуы әбден мүмкін.
Кезекті турдың басқа ойындарында мынадай нәтижелер тіркелді: «Тараз» – «Тобыл» 0:1, «Жетісу» – «Қайсар» 1:0, «Ертіс» – «Атырау» 1:0, «Шахтер» – «Қайрат» 1:2, «Ақтөбе» – «Ор­да­­­­­­ба­сы» 0:3.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды