-->

ТІРКЕУГЕ ТҰРУ МІНДЕТТЕЛДІ

Жаңа жылдан бастап әрбір азамат өзі тұрып жатқан мекен-жай бойын­ша міндетті түрде тіркеуге тұру керек. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ІІМ Көші-қон де­партаменті бастығының орынбасары Галина Сәрсенова мәлімдеді. 

it07i5s7op1c882070r55sbu8sem0c

Департамент өкілінің айтуынша, қолда­ныстағы заңнама азаматтардың тұрғылықты жері бойынша міндеттерін көздейді. Ал заңнаманы бұзған азаматтар белгілі мөлшерде айыппұл төлейтін болады.
– Мұндай міндет «Халықтың көші-қоны» туралы заңында белгіленген. Яғни, тіркеу­сіз тұрған кез келген азамат әкімшілік жауап­кер­шілікке тартылады. Сондай-ақ аталған заң­намада пәтер иелерінің азаматтарды тіркеусіз пәтерлерінде тұрғызғаны үшін әкімшілік жаза тағайындалады – дейді Галина Сәрсенова.
Азаматтарды тіркеудің басты мақсаты – ішкі көші-қон мәселесіне мониторинг жасау болып отыр. Себебі аумақтардың мемлекеттік және өңірлік даму бағдарламасын әзірлеу кезінде әрбір елді мекеннің санын білу қажет. Осы талап бойынша аталған аумаққа жұмыс орындарын ашып, мектеп пен аурухана салу жоспарланады.

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*