-->

ТІЛДЕР ТҰҒЫРЫ

22 қыркүйекте «Астана»
концерт залында Қазақстан халқы тілдері­нің XIX қалалық фестивалінің шымылдығы түріледі.

Әдемі дәстүрге айналған фес­тиваль аясында бірнеше шара жоспарланған. Айталық, 26 қыркүйекте қазақ әдебие­тінің алыбы, хакім атамыздың шығармаларын кеңірек насихаттау мақсатында «Абай – дана, Абай дара қазақта» атты қалалық байқаудың байрағы желбіремек. Онда қалалық әкімдікке қарайтын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері бақ сынайды. Дәл осы күні «Жастар»
театрында «Рухани жаңғыру – отбасынан басталады» деген әдеби кеш өтеді.
Сөз арасында айта кете­йік, аталған шара шеңберінде Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында «Отбасындағы әкенің рөлі» атты әкелерге арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Оған мәдениет қайраткері Оспан Сүлейменов, ақын Алмахан Мұхамедқалиқызы, дінтанушы Тышқан Кеңшілікұлы, «Қазақстан» ұлттық арнасының шеф-редакторы Айдос Әшім және полиция лейтенанты Біржан Намазбаев
қатысып, қазақ шаңырағын­дағы ер-­азаматтың орны қандай, отбасындағы тұрақ­тылықты қалай сақтап қаламыз деген мәселелер төңірегінде сөз қозғап, оқушыларға өнегелі әңгіме өрбітті.
Айтулы фестиваль 28 қыр­күйекте шымылдығын жабады. «Астана» концерт залында елорда әкімінің тіл жанашырларына арналған «Тіл тұғыры» деген құрметті марапаты тапсырылады. Соңы гала-концертке ұласады. Онда «Алашұлы» тобы, Қайрат Нұртас, Қарақат Әбілдина және жетігеншілер тобы, ағайынды Жүгінісовтер, Шахаризат Сейдахмет секілді елге танылған әншілер өнер көрсетпек.

Азамат Құсайын

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*