Четверг, 29 Июнь 2017
-->

ТЕРІГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

АСТАНАДА ДЕНЕНІ ЖАСАНДЫ ҚЫЗДЫРАТЫН (СОЛЯРИЙ) САЛОНДАР КӨП. АЛАЙДА ОҒАН ЖИІ БАРАТЫН СҰЛУЛАРДЫҢ 75 ПАЙЫЗЫ ҚАТЕРЛІ АУРУДЫ АРТ­ТЫРАДЫ ЕКЕН. БҰЛ ТУРАЛЫ ДЕРМАТОЛОГИЯ ОРТАЛЫ­ҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ЖЫЛ САЙЫН ӨТЕТІН «МЕЛАНОМА КҮНІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА МӘ­ЛІМДЕДІ.

– Аурудың алдын алуды көздейтін шара кезінде кез келген қала тұрғыны тексеріліп, тегін кеңес алды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен жыл сайын әлемде меланомаға қарсы акциялар ұйымдастырылып, онкологиялық аурудың алдын алады. Біз ұйымдастырған шара барысында 240 адам онколог, дерматовенеролог секілді мамандардың тексеруінен өтті, – дейді орталық басшысы Жұлдыз Данбаева. Оның айтуынша, бүгінде ауру жасарып келеді. Дәрігерлердің қабылдауына үлкендермен қатар, кішкентай балалардың келуі жиілеп кеткен.
Егер 2015 жылы Астана қаласында 14 жағдай тіркелсе, 2016 жылы 21 адам ауруға шалдыққан.
«Денеге меланоманың пайда болуы ағзадағы гармондық өзгерістерге байланысты. Күннің астында ұзақ болу, жасанды қыздырыну және экологиялық жағдай да әсер етеді. Дәл қазір демалыс уақыты. Қауіптің алдын алу үшін барлық сақтық шараларын, атап айтқанда, бас киім кию, күнге қарсы көзілдірік тағу, арнаулы косметикалық жақпа майларды қолданған жөн» дейді Жұлдыз Сейітқамзақызы.
Акция аясында қала тұрғындары арнайы дерматоскопиялық және видеотерматоскопиялық аппа­раттың көмегімен тексерілді. Олар­дың бәріне күнге қарсы қолданатын жақпа май таратылды.
Тұрғындардың тең жартысына онкологтың бақылауында болу қажеттілігі ескертілсе, денелерінде папиллома, фиброма, дерматофиброма бар адамдарға хирургиялық жолмен алдырып тастау ұсынылды. Қалған азаматтардың дерматолог дәрігерлердің бақылауында болатыны айтылды.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*