Теория да, тәжірибе де маңызды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінде «Екі деңгейлі кәсіби білім беру және бизнес – білікті маман даярлаудың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бұған қоса «Азық-түлік тауар­­ларының сатушысы», «Ба­қылаушы-кассир», «Ас­пазшы» және «Кондитер» сынды жұмысшы білік­тіліктерін беретін «Маркетинг» және «Та­мақтандыруды ұйым­дас­тыру» мамандық­тарына ар­налған оқу-практи­калық зертхананың да ашылуы болды.
«Бүгінде білікті мамандарды дайындау тек білім беру мекемесінің ғана міндеті емес. Оны жұмыс берушімен біріге отырып дайындауымыз керек. «Жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасының аясында біз осы оқу жылында жаңадан «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығын аштық. Ал ол үшін, осы мамандық бойынша білікті, тәжірибелі маман дайындауға бізге зертханалар қажет болды. Ондай зертханаларды ашу үшін біз Астана қаласының қалталы азаматтарына ұсыныс жасадық. Олар ұсынысты қабыл алып, нәтижесінде осындай игі іс атқарылып отыр» деді Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық колледжінің директоры Мырзабек Күжімов.
Айта кету керек, колледжге әлеуметтік серіктестер 7 113 138 теңге көлемінде қайтарымсыз қаржылай инвес­тиция құйып­ты.
Жаңадан ашылып отыр­ған зертхана колледж студент­терінің оқу, білім алу, сондай-ақ, біліктілігін арттырып, тәжірибе жинақтауына үлкен көмек болады. Осы жерде студенттер өздерінің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби жұмысшы мамандығын алып шығады.
Дөңгелек үстелге жиналған қатысушылар білімге инвес­тиция салу идеясын қолдады. Кәсіби, техникалық білім практикамен тығыз байланыс­ты. Сондықтан оқу орталы­ғы мен оқу-тәжірибелік лабора­торияның ашылуы еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін болашақ маман даярлаудың кепілі деуге де әбден болады.

Гүлжан РАХМАН

Сонымен қатар

АСТАНАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІС

«Астана» баскетбол клубы ВТБ лигасы аясында өз алаңында Красноярск қаласынан келген «Енисей» командасын қабылдап, 92:75 …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған