«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Теңгеге қауіп төнген жоқ

Бүгінгі күннің бүлкілі

0 50

Кеше Қазақстан қор биржасының таңертеңгі сессиясында доллардың орташа бағамы 338,17 теңгені құрады. 15 маусымдағы жағдаймен салыстырсақ, ұлттық валютамыз 2,23 теңгеге арзандады.

Ұлттық банк соңғы кездері теңге бағамының бұлай ауытқуына жазғы маусымдағы шетелдік валютаға деген сұраныстың артуы себеп болып отырғанымен түсіндірді. «Тағы бір фактор – АҚШ федералдық сақтық қор жүйесі мөлшерлемесінің өсуі болып табылады. Соның нәтижесінде әлемдік нарықтарда доллар нығайып, дамушы нарықтардан елімізге капиталдың ағыны күшейді» деп хабарлады Ұлттық банктегілер. Қазақстан қор биржасы таратқан мәліметке сүйенсек, саудадағы дол лардың бағамы 338,56 теңгені құраған. Ал Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау нүктелерінде америка валютасы 340 теңгеге сатылуда. Айтпақшы, осыдан бірер күн бұрын Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев 13 маусымда долларға қатысты теңгенің бағамы жартыжылдық ең төменгі деңгейге жеткеніне түсіндірме берді. Ол үш жыл бұрын елімізде ақша-несие саясатының тәртібі өзгеріп, теңге еркін айналымға түскенін еске салды. Сонымен қатар, құзырлы мекеме «теңге құлдырайды және инфляция күрт өседі» деген әлеуметтік же лідегі қауесетті жоққа шығарды. Осыған орай, жалған ақпаратты жұртқа таратушыларды анықтау үшін құқық қорғау органдарына шағым түсірілген. «Инфляция мамыр айында 6,0 пайызды құрады. Әлемдік нарықта мұнайдың 1 баррелінің 70 долларға жетуі теңгенің бағамына жағымды әсер етті. Еліміздің төлем теңгермесі жақсаруда» деп түсіндірді Ұлттық банк.

Төлен ТІЛЕУБАЙ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды