«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тегін жаттығуларға қатысыңыз!

0 16

Елордалық саябақтарында дәстүрлі ашық аспан астында өтетін жексенбілік «Fitness Park Nur-Sultan» жаттығулары басталды.

Биыл төртінші рет ұйымдас­тырылатын тегін спорттық жаттығулар «Астаналық», «Ботаникалық бақ», «Жерұйық» және «Жетісу» саябақтарында өткізілетін болды. Кәсіби мамандар жетекшілік еткен жаппай жаттығулар әр аптаның жексенбі күндері сағат 10:00-12:00 аралығында өтеді. Жексенбілік жаттығулар қыркүйек айына дейін жалғасады. Жаттығулар бағдарламасына CrossFit, йога, бокс, бразилиялық джиу-джитсу, Zumba, дойбы, шахмат және топтық жүгіру енгізілген. Дәстүр бойынша «Fitness Park Nur-Sultan» ауқымды жаттығулары Астаналық саябақта өткізіледі. Тегін жаттығуларға келем деушілерге әрдайым есік ашық.
Сонымен қатар 20 мамырдан бері, елордалық балаларға арналған «Саябақтың 7 ғажайыбы» ойын-сауық бағдарламасы да іске қосылған. Бұл шара да үш жылдан бері кішкентай елорда тұрғындары мен қонақтарына қуаныш сыйлап келеді. Балалардың сүйікті кейіпкерлерінің кейпіндегі аниматорлардың қатысуымен өткізілетін шоу «Астаналық», «Жерұйық» және «Жетісу» саябақтарында күніне екі рет өткізіледі. «Саябақтың 7 ғажайыбы» шоу-бағдарламасының кес­тесін қалалық Мәдениет және спорт басқармасының @madeniet_sport.nursultan Instagram аккаунтынан таба аласыздар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды