-->

ТЕГІН ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫ ҚАЙ МАМАНДЫҚТАРҒА ОҚЫТАДЫ?

slide_1

Астанада Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында биыл 500 адамға арналған қайта даярлау курстарын ұйымдастыру жоспарланған. Осыған орай қала әкі­мінің орынбасары Андрей Лукиннің төрағалығымен жұмыспен қамту бо­йынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Елорданың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға оқуға жіберу мәселесін қараған комиссия білім беру ұйымдарының өтініштері мен ұсынған жобаларымен танысты. Қорытындысында ағымдағы жылы тегін оқыту курс­тарынан өтетін мамандықтарды анықтады.
Сонымен, бас қалада мектеп алды даярлау ұйымдарының тәр­­биешісі, наубайшы, аспаз, тігінші, шаштараз-ұста, электр­газдә­некер­леуші, электр құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу бойынша электромонтер, сауда менеджері, қадағалаушы-кассир, даяшы жетіспейтіні белгілі болды.
Сондықтан осы жылы Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы қысқа мерзімді қайта даярлау курстарын ұйым­дастырады.
Жиында қысқа мерзімдік оқыту курстарын өткізуге 14 білім беру ұйымы мен орталықтары өтініш бергені анықталды. Нәтижесінде комиссия олардың 8-ін іріктеп алды. Енді Астана қаласының менеджемент және бизнес колледжі, Еуразия гуманитарлық институтының колледжі, Астана қаласы әкімдігінің көпбейінді колледжі, Басқару колледжі, Іскер бизнес академиясы, Шаштараз мектебі, Ақмолалық оқыту курстық комбинаты, Бухгалтерлер үйі орталығы базаларында жұмыссыздар қысқа мерзімді қайта даярлау курстарынан өтетін болады.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*