«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тегін кәсіби оқыту курсынан қалай өтуге болады?

Керек кеңес

0 66

Елордалық Жұмыспен қамту орталығында тегін кәсіби оқыту және қайта оқыту курстарынан өткісі келетін азаматтардан өтініш қабылдау жалғасуда. Онда қандай мамандықтарды оқытады, оқу қайда өтеді, төленетін шәкіртақының көлемі қанша, курсқа қалай жазылуға болады? Осы және басқа да сұрақтарға аталған мекемедегі кәсіби оқыту бөлімінің жетекшісі Азамат Байтасов жауап берген еді.

Курс қандай мамандықтарға оқытады?

Қысқамерзімді кәсіби оқытуға өтініштер бүгінгі еңбек нарығындағы жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша қабылданады. Оларға электрмен және газбен дәнекерлеу­ші, ток жөндеуші, жүк көтергіш машинисі, сантехник-көмекші, аспаз, кондитер, тігінші, әкімші, уқалаушы, сауда саласындағы менеджер, бағалаушы, анимация және бейнеграфика маманы, сондай-ақ киберқауіпсіздік саласындағы маман жатады.

Курстың ұзақтығы қанша?

Қысқамерзімді оқыту курстары мамандықтың ерекшелігіне байланысты бір айдан үш айға дейін созылады.

Курсқа кімдер қатыса алады?

Қысқамерзімді оқыту курстарына Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз болып тіркелген азаматтар қатыса алады.

Курс кезінде төленетін шәкіртақының көлемі қанша?

16759 теңге

Курсқа барғысы келетіндер қандай құжаттар әкелуі тиіс?

Үміткерлер курсқа қатысқысы келетіні туралы өтініш пен өзінің жеке куәлігі, еңбек кітапшасы (егер бар болса), білімі туралы құжатты өткізуі керек.

Оқыту кестесін кім құрастырады?

Оқыту кестесін сол курсты өткізетін ұйым құрастырады.

Курстар қандай білім беру мекемелерінің базасында ұйымдастырылады?

Ақмола оқыту-курстық комбинаты, «Маман» оқыту-­өнеркәсіптік орталығы, Centre AT жекеменшік мекемесі, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету колледжі.

Курсқа өтінішті қашан беруге болады?

Өтініштер қабылдау жыл бойы жүргізіледі. Курс үшін топ құруға қажетті адамдар жиналғанда, үміткерге хабарласады. Бір топтың курсы аяқталған соң, келесі топ жиналады.
Бұдан бөлек, Жұмыспен қамту орталығы түлектерге өз мамандығы бойынша жұмыс табуға көмектеседі. Мұнымен қоса, азаматтар көлемі 300 мың теңге болатын мемлекеттік грант алуға да үміткер бола алады. Ол үшін бизнес-жоспар құрып, оны комиссия отырысында қорғап шығу керек.
Кәсіптік оқыту және қайта оқыту бойынша басқа да сұрақтарыңыз туындаса, Жұмыспен қамту орталығының 57-88-88 телефонына хабарласуға болады. Мекеменің мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25-үй, «Өркен» бизнес орталығы. Электронды пошта: cz@astana.kz.

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Үй-жайларды тазалаушы
Жалақысы – 70 000 теңгеден бастап. Талаптары: орта білім, толық жұмыс күні.
«Industrial Innovation Group» ЖШС

Заңгер
Жалақысы – 150 000 теңгеден бастап. Талаптары: жоғары білім, кемінде 5 жылдық жұмыс өтілі, толық жұмыс күні.
«Industrial Innovation Group» ЖШС

Бас есепші
Жалақысы – 200 000 теңгеден бастап. Талаптары: жоғары білім, кемінде 3 жылдық жұмыс өтілі, толық жұмыс күні.
«Bikom Comfort» ЖШС

Жапон асханасының аспазы
Жалақысы – 100 000 теңгеден бастап. Талаптары: кәсіптік білім, кемінде 2 жылдық жұмыс өтілі, толық жұмыс күні.
«Sky Lounge» ЖШС

Жүк көтергіш машинисі
Жалақысы – 160 000 теңгеден бастап. Талаптары: техникалық кәсіптік білім, кемінде 3 жылдық жұмыс өтілі, толық жұмыс күні.
«Heavy Equipment» ЖШС

Пошташы
Жалақысы – 81 020 теңгеден бастап. Талаптары: орта білім, толық жұмыс күні.
«Қазпошта» АҚ елордалық филиалы

Несиелік менеджер
Жалақысы – 100 000 теңгеден бастап. Талаптары: жоғары білім, кемінде 4 жылдық жұмыс өтілі.
«Terra Motors Astana» ЖШС

Геодезист
Жалақысы – 200 000 теңгеден бастап. Талаптары: жоғары техникалық білім, кемінде 3 жылдық жұмыс өтілі.
«Эдем» ЖШС

Тігін цехының шебері
Жалақысы – 100 000 теңгеден бастап. Талаптары: кәсіби орта білім, кемінде 1 жылдық жұмыс өтілі, толық жұмыс күні.
«МС МС» ЖШС

Әдістемеші
Жалақысы – 180 000 теңгеден бастап. Талаптары: жоғары білім, кемінде 5 жылдық жұмыс өтілі, толық жұмыс күні.
Қазақ ұлттық хореография академиясы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды