«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тегін дәрі туралы ақпарат береді

0 14

Тегін амбулаториялық дәрімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша байланыс орталығы іске қосылды.

Байланыс орталығының (7172) 23-50-98 телефон нөміріне хабарласып, еліміздің медициналық ұйым­дарын тегін амбулаториялық қамтамасыз ету үшін түскен дәрілік заттарды білуге болады.
«СҚ-Фармация» басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Шария Исмуханованың ай­туын­ша, дәрі-дәрмектің қазір­дің өзінде сатып алынғанына және емханаларға жөнелтілгеніне қарамастан, халықта дәрімен қамтамасыз етудегі үзілістер туралы сұрақтар әлі де туындап отыр.
«Сондықтан байланыс орталығын іске қосу туралы шешім қабылданды. Енді оператор халықтың сұрақтарына ғана жауап беріп, дәрі-дәрмекті жеткізудегі әр үзіліс жағдайын түсіндірумен айналысады» дейді Ш.Исмуханова.
Байланыс орталығы әзірше пилоттық тәртіпте жұмыс істейді. «Кейінірек, қазақстандықтардың қолайлылығы үшін республика бойынша барлық абоненттерге бірыңғай қысқа нөмірді іске қосу жоспарлануда» дейді ол.
Еске салатын болсақ, биыл жылдың басында Астана қаласының әкімдігі елорданың емханалары мен ауруханаларын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді күн тәртібіне қойған болатын. Соған байланысты тегін дәрі-дәрмек берілетін науқастардың категориялары жүйеленген.
Бүгінде осы тегін дәріні үйлес­тіру мәселесі тағы да жеңілдей түсті. Астанада ашылып отырған байланыс орталығы сол жұмыс­тың оң нәтижесін көрсетіп отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды