«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тазалық сақтамағандар қатаң жазаланады

0 40

Қала көркі мен санитарлық жағдайы – әрдайым маңызды мәселелердің бірі. Әдетте, әкімшілік құқық бұзушылыққа жүргізілген талдау бойынша құқық бұзушылықтың 80 пайызы темекі қалдықтарын, шекілдеуік қабықтарын, тұрмыстық қалдықтарды тастау сияқты қоғамдық орындарды лас­тау болып отыр.


Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті кәсіпорын иелеріне тұрғын емес, жапсарлай салынған үй жайлардың, соның ішінде сауда орындары, базарлардың, қоғамдық тамақтану орындарының кіреберісіне қоқыс салуға арналған жәшіктер қою мәселесін шешуді ұсынады. Бұл тұрғыда тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша ұйымдары, тұрғын үйлерді басқарушы ұйымдар, үй-жайлар меншіктері кооперативтері тұрғын үйлердің кіреберісіне, аялдамаларға міндетті түрде қоқыс салуға арналған жәшіктер қоюлары қажет. Сонымен қатар, бұған жауапты мекеме қоқыс жәшіктерін уақытылы тазартып отыруға міндетті.
Осыған орай, саябақ, шағын бақтар және қоғамдық орындарды ластап, соның ішінде тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастағаны үшін тәртіп сақтамаған азаматтарды 20 АЕК, яғни 48100 теңге көлеміндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартып, тіпті 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасының қолданылатыны туралы ескерткіміз келеді.

Айнұр ДӘУЛЕТБАЕВА,
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаменті Тағам нысандарын
санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды