«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тазалау құрылғысының құрылысымен танысты

0 14

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Жастар» ықшам ауданындағы тазарту құрылғысы құрылысының барысымен танысты.Мемлекет басшысы қала активімен өткен жиында жауын-шашындық кәріз жүйелерінің құрылысы бойынша жұмыстың қарқынын күшейтуді тапсырған болатын. Жаңа құрылыстардың қуаты 40 мың текше метрді құрайды, бұл нө­сер канализациясының өткізу қабілетін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді: бөгетсіз жинауды, жерүсті ағындарын бұруды және тазартуды қамтамасыз етеді. Қазір жұмыс істеп тұрған жинағыш тоғанды құрғату жұмыстары аяқталып, жерасты тазарту құрылысының құрылысы басталды. Бұл тазарту құрылыстары Тәшенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаева көшелері мен Республика даңғылының су басуын болдырмауға мүмкіндік береді. Тазалау құрылысы жер астында орналасқандықтан, құрылыс алаңының үсті абаттандырылып, тынымбақ орнату қарастырылған. Құрылысты 2021 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда елорданың жауын-шашындық кәріздік жүйесі 14 тазарту құрылғыдан, 3 жинақтағыш тоғаннан тұрады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды