Четверг, 22 Июнь 2017
-->

ТӘУЛІГІНЕ 54 ПОЙЫЗ ҚАТЫНАЙДЫ

Астанадағы жаңа теміржол вокзалы 1 маусымнан толыққанды пайдалануға беріледі. Сол уақыттан бастап еліміздің барлық аймақтарына бағыттар ашылады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, елорданың жаңа бас қақпасы арқылы тәулігіне 54 пойыз қатынайды.

24324

Халықаралық «ЭКСПО» көрмесі кезінде Астанадан қатынайтын қосымша по­йыздардың бағыты мынадай: Астана-Маңғышлақ, Астана-­Атырау, Астана-Шымкент, Астана-Қостанай, Маңғышлақ-Астана, Тараз-Астана, Орал-Астана, Қарағанды-Астана. Жалпы, жақын арада жұмысын бастағалы отырған кешен 54 пойызға, оның ішінде 22 «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы мен 16 стандартты және 16 қалааралық пойызға қызмет көрсетеді.

Бүгінгі таңда жаңа вокзалды жұмысшылармен қамту жұмыстарына Астана қаласының әкімдігі де атсалысуда. Сонымен қатар, екіжақты ынтымақ­тас­тықтың арқасында бекетке де­йінгі қоғамдық көліктерді, жүрдек бағдарларды ұйымдастыру жағы қарастырылып жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыз­дай, «Астана» теміржол вокзалындағы штаттар саны 217 адам болмақ. Негізгі құрамда 190 адам жұмыс істейді. Алты қабаттан тұратын жаңа вокзалдың аумағы 120 мың шаршы метрді құрайды. Кешенде эксплуатация қызметтеріне қоса, дүкендер, тамақтанатын орындар, қонақүйлер болады. Үшінші қабатында күнделікті пойыздар қатынайтын 3 платформа мен 6 пойыз жолы орналасады.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ 

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*