«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тәуелсіздік – тұғыры биік мейрам

0 81

Еліміздің ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күнін еліміз жыл сайын зор құрметпен, айрықша тағылыммен атап өтеді. Мерекенің тарихи маңызы мен салмағы жөнінде әрдайым оқушыларыма айтып отырамын.

 

Тәуелсіздіктің бізге берген айтулы оқиғалардың бірегейі – латын әліп­­биіне қадам басуымыз. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел мәдениеті мен әдебиетін, салт-дәстүрі мен ұлттық руханиятын қайта жаңғыр­туға мол мүмкіндік бергені мәлім. Елбасы мақаласында қазақ тілін біртіндеп 2025 жылға дейін латын графикасына көшіру қажеттігін қадап айтты. Бұл мәселе бұрын да бірнеше рет көтерілгені есімізде. Енді осы міндетті жүзеге асыру мықтап қолға алынды. Ал мұны тәуелсіздігіміздің бір игілігі ретінде қабылдаймыз. Өйткені отаршыл биліктің құзырында жазылған тарихымызға көз жүгіртсек, қазақ әліпбиінің үш мәрте өзгергенін білеміз. Егемендік жылдарындағы латын графикасына ұмтылысымыз бекер емес.

Қазіргі жаһандану заманында біздің басты мақсатымыз – әлемнің дамыған елдерінің қатарынан табылу. Латын әліпбиі еліміздің білім саласын жан-жақты дамытуға, сонымен қатар түркі халықтарының бір-бірімен мәдени және рухани жақындасуына да ықпалын тигізері анық.

Ақжібек НҰРЛАНОВА,
№ 65 мектеп- гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды