ТАТАМИ ҮСТІНДЕГІ ТАРТЫС

Астанада «Дәулет» спорт кеше­нін­­де киокушинкай-кан каратэден «ASTANA OPEN EXPO-2017» халықаралық турнирі өтті. Аты айтып тұрғандай, ­«ЭксПО-2017» көрмесіне арналған сайыс­тың жүлделері жасөспірімдер, қыздар, жеткіншектер, ерлер және әйелдер арасында сарапқа салынды.

img_4547-kopirovat

Өте тартысты өткен бұл турнирге 500-ге тарта каратэші қатыс­ты. Өзара күштілерін анықтаған спортшылардың қатарын, өзіміздің елді қоса айтқанда, Иран, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Армения секілді елдерден келген жастар толықтырды.Құрлықтық біріншіліктер мен әлем чемпионаттарында өздерін дәлелдеген мықтылардың қатысуымен бұл бәсекенің көрігі қызды. Екі күнге созылған татами үстіндегі тартыста әртүрлі санаттар бойынша чемпиондар анықталды.

Осы халықаралық турнирге тыңғылықты да­йындалған елордалық сайыскерлер ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже көрсетті. Нақтырақ айтсақ, астаналықтар 30-дан аса жүлдеге қол жеткізді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Сонымен қатар

«АСТАНА» «НИЖНИЙ НОВГОРОДҚА» ЕСЕ ЖІБЕРДІ

  Өз ойынын әлі таппаған «Астана» баскетбол клубы тағы да жеңіліске ұшырады. ВТБ бірыңғай лигасының …

One comment

  1. Қазақ жастары алға!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған