«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тасқынға – тосқын

0 29

Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне енетін ұйымдардан ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында гидрометеорологиялық және гидрологиялық ақпарат алмасу жолға қойылған.

Осы ретте су тасқынына қарсы шаралар аясында «Астана-Тазалық» кәсіпорны Майбалық көлінен «Нұра-Есіл» каналына дейінгі қолданыстағы арнаны тазарту бойынша жұмыстар аяқталды. Ильинка ауданындағы Кіші Талдыкөл көліне құятын құбырлар мен бөгеттерге түгендеу жүргізілді. Жоғарыда көрсетілген учаскелерде ұзындығы 200 метр бөгеттер мен Ауған кварталы ауданындағы ұзындығы 600 метр бөгет нығайтылды. Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері оңтүстік-батыс айналма жолының құрылысы ауданында Есіл өзенінің суын өткізу жұмыстарын жүргізді.
Газмашаппаратура ауданындағы, Кенесары көшесіндегі көпір аумақтарындағы өткізу құбырларын булау арқылы мұздан тазарту жүргізіліп, шлюздер ашылды.
Су тасқынына қарсы іс-шаралардың негізгі шараларының бірі – қар тазалау болды. Ерте көктемнен бері қала аумағынан 2 985 000 текше метр қар тысқа шығарылды. Бүгінгі күні қар шығару жұмыстары толығымен аяқталды. Қалалық су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Нұр-Сұлтан гарнизонының күшімен қала көшелерінен еріген қар суын тартып шығару жұмыстары жалғасып жатыр.
Түптеп айтқанда, алдын ала жүргізілген шараларға байланысты қала бойынша тасқын суға жол берілмеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды