«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тәшеневтің қалта сағаты

Жақсыдан қалған шарапат

0 25

Елордадағы Ұлттық музейде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенев тұтынған біраз жәдігерлер сақталған.

Бұл заттарды бас мұражайға 2015 жылы «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы аясында қайраткердің ұлы Саян Жұмабекұлы тапсырған. Олардың ішінде: тұғырлы тұлғаның қалта сағаты, көзілдірігі, қолжазбасы, «Ленин» ордені мен депутаттық куәлігі бар.
Жұмабек ағамыз елорданың іргесіндегі Аршалы ауданындағы Танагүл деген ауылда өмірге келген. Алғашқы еңбек жолы өзінің туған жерінен басталады. Соғыс жылдары Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысындағы басшылық қызмет атқарды. Елуінші жылдардың басында Ақтөбе облысының партия комитетінің бірінші хатшысы болды. Одан кейін Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі төралқасының төрағасы, 1960 жылы Қазақ КСР министрлер кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Дәл осы жылдары Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, оңтүстік өңірдегі мақта өсетін аудандарды Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Сондай-ақ ұлт зиялыларының үні болған «Қазақ әдебиеті» газетін жабу мен сол кездегі республикалық «Социалистік Қазақстан» басылымын «Казахстанская правданың» аудармасы етіп шығарудан қорғап қалды. Осылай өз халқының қорғаны болғаны оған «ұлтшыл» деген жала жабылып, Хрущевтің нұсқауымен қызметтен босатылып, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысына жіберіліп, өмірден өткенше сонда еңбек етті.
Бір сөзбен айтқанда, туған ұлты үшін басын бәйгеге тіге білген асыл азамат қазақ жерінің тұтастығын сақтауға көп еңбек сіңірді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды