Четверг, 22 Июнь 2017
-->

ТАРИХШЫЛАР ТАЛҚЫСЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Сондай кезекті жиындардың бірі ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Мемлекет тарихы институтында өтті.

2121

«Ұлттың рухани дамуы: тарихи-мәдени дәстүрлер сабақтастығы» деп аталатын дөңгелек үстелге тарихшы ғалымдар мен оқытушы-профессорлар, докторанттар мен магистранттар қатысты. Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Амангелді Қашқынбаевтың айтуынша, Президенттің бұл мақаласын зиялы қауым өкілдері зор қуанышпен қабылдады. Өйткені бұған дейін олар «біздің елде ұлттық идеология жоқ» деп сынап келген болатын.

– Өз басым Президент мақаласындағы ең басты мәселелердің бірі ұлттық код деп есептеймін. Ұлттық кодты біз қалай түсінеміз? Президент жалпы нені меңзеді? Бұл дегеніңіз – ұлтымыз өзін-өзі әлемге таныту үшін қажет құндылықтар жиынтығы деген сөз. Қазақ халқының өз мәдениеті, салт-дәстүрі, түрлі әдет-дағдылары бар. Олардың заман көшіне ілесе білетін әрі ұлтқа қажеттіліктерін екшеп, өзгеге таныстыруымыз керек. Бұл істе, сөз жоқ, бірінші кезекте прагматизм қажет. Демек, біз өзімізге қажет құндылықтарды анықтап алып, солардың төңірегінде жұмыс істеуге тиіспіз, – деді тарихшы.

Белгілі түрколог Қаржаубай Сартқожаұлы да Мемлекет басшысының латын әліпбиіне көшу бастамасын қолдап отыр. Себебі ол латын әліпбиі қазақ тілінің көсегесін көгертіп, дамыта түседі деген пікірде. Сондай-ақ, түрколог гуманитарлық білім беру саласында үлкен өзгерістер болатынына қуанышты екенін жасырмады. Мәселен, елімізде социологиялық философия, әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану тәрізді ғылымдарды дамыту өте өзекті болып тұр. Өйткені аталған салалар бұған дейін назардан тыс қалып келген болатын.«Ұлттың рухани дамуы: тарихи-мәдени дәстүрлер сабақтастығы» деп аталатын дөңгелек үстелге тарихшы ғалымдар мен оқытушы-профессорлар, докторанттар мен магистранттар қатысты. Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Амангелді Қашқынбаевтың айтуынша, Президенттің бұл мақаласын зиялы қауым өкілдері зор қуанышпен қабылдады. Өйткені бұған дейін олар «біздің елде ұлттық идеология жоқ» деп сынап келген болатын.

– Өз басым Президент мақаласындағы ең басты мәселелердің бірі ұлттық код деп есептеймін. Ұлттық кодты біз қалай түсінеміз? Президент жалпы нені меңзеді? Бұл дегеніңіз – ұлтымыз өзін-өзі әлемге таныту үшін қажет құндылықтар жиынтығы деген сөз. Қазақ халқының өз мәдениеті, салт-дәстүрі, түрлі әдет-дағдылары бар. Олардың заман көшіне ілесе білетін әрі ұлтқа қажеттіліктерін екшеп, өзгеге таныстыруымыз керек. Бұл істе, сөз жоқ, бірінші кезекте прагматизм қажет. Демек, біз өзімізге қажет құндылықтарды анықтап алып, солардың төңірегінде жұмыс істеуге тиіспіз, – деді тарихшы.

Белгілі түрколог Қаржаубай Сартқожаұлы да Мемлекет басшысының латын әліпбиіне көшу бастамасын қолдап отыр. Себебі ол латын әліпбиі қазақ тілінің көсегесін көгертіп, дамыта түседі деген пікірде. Сондай-ақ, түрколог гуманитарлық білім беру саласында үлкен өзгерістер болатынына қуанышты екенін жасырмады. Мәселен, елімізде социологиялық философия, әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану тәрізді ғылымдарды дамыту өте өзекті болып тұр. Өйткені аталған салалар бұған дейін назардан тыс қалып келген болатын.

Серік Құдайбергенұлы 

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*