ТАРИХИ ЖЕТІСТІК

Қазақстан құрамасы Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан өтіп жатқан Әлем Кубогында алғаш рет қола жүлдеге қол жеткізді. Ел намысын қорғаған Галина Вишневская мен Максим Браун бірінші кезеңнің жекелей аралас эстафетасында үздіктер қатарынан көрінді.

Бұл қос биатлоншымыз сенсация жасап, Олимпиада жүлдегері Мари Дорэн Абер мен Олимпиада чемпионы Мартен Фуркад құраған франциялық жұпты артта қалдырды.
Эстафета мәресіне бірінші болып авс­триялық Лиза Тереза Хаузер мен Симон Эдер жетті. Ал күміс жүлде неміс спортшылары Ванесса Хинц пен Эрик Лессерге бұйырды. Үздік үштікті түйіндеген қазақстандықтар жеңімпаз командадан 32,7 секундқа қалып қойды.
Әлем Кубогында ел құрамасы Ольга Полторанина, Алина Райкова, Галина Вишневская, Дарья Климина, Анастасия Кондратьева, Елизавета Бельченко, Владислав Витенко, Максим Браун, Тимур Хамитгатин, Антон Пантов, Василий Подкорытов, Роман Еремин және Тимур Куц секілді спортшылардан құралды.
Эстерсундтегі біріншілік 3 желтоқсанға дейін жалғасады.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Сонымен қатар

ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Ресейдің Белоярский қаласында Социалистік еңбек ері Фарман Салмановқа арналған Мұнайлы мемлекеттердің XV Әлем кубогы аяқталды. …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған