ТАРИФТЕР ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛАДЫ

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астанада электр энергиясы мен сұйытылған газ тарифтері  өзгермейді.  Бұл  туралы  қалалық  кәсіпкерлер палатасы  мемлекеттік  баға реттеу­ден монополияға қарсы реттеуге көшу бойынша ұйымдастырған баспасөз мәслихатында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Болат Танабергеннің мәлімдегенін елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

preview-image

Оның айтуынша, реттелетін нарықтарда баға реттеуді алып тастау нарық субъектілері көрсететін қызметтердің бағасын объективті емес қымбаттауына немесе әлеу­меттік алаңдаушылыққа алып келуі мүмкін. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі талдау жүргізіп, оның қорытындысы бойынша қоғамдық маңызды нарықтардың тізімі жасалды. Онда бағаларды мем­лекеттік реттеуден ауысу кезең-кезеңмен жүргізіледі.
– Қазіргі уақытта департамент 18 қызмет бойынша 12 нарық субъектісінің бағаларын реттеп отыр. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Департаменті электр энергиясын «Астанаэнергосбыт» АҚ арқылы бөлшек саудада өткізу және «Астана қ. Орталық газбен қамту» ЖШС газ-реттегіш қондырғылары арқылы бөлшек саудада өткізудің баға реттеуін жалғастырады. Нарықтың аталған субъектілері бойынша жаңа жылдан бастап баға бұрынғы деңгейде қалады, – деп атап өтті Болат Танаберген.
Қалған субъектілер монополияға қарсы реттеуге көшеді. Оның айтуынша, бағалар күрт көтерілген жағдайда, ал бұл субъектілердің қызметінде бәсекелестік сала­сындағы заңнаманы бұзғанын көрсетеді. Онда монополияға қарсы орган айыппұл санкцияларынан тұратын әрекет ету шарасын қабылдауға құқылы.

Сонымен қатар

КӨКТАЙҒАҚТАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Алдағы үш тәулікте елордада аздаған жауын-шашын болып, көктайғақ сақталады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған