-->

ТАРАПТАР ТАЛҚЫСЫНДАҒЫ ҰСЫНЫС

Астана қаласының тұрғын үйлеріндегі пәтерлерге ай сайынғы коммуналдық төлем ретінде 3800 теңгені енгізіп, есесіне елорда тұрғындары үшін қоғамдық көліктердегі жолақысын тегін ету мәселесі көпшіліктің қызу талқысына түсті. Бұл тұжырымдаманы «ұтымды ұсыныс» деп қолдайтындар да бар. сол сияқты қарсы пікір білдірушілер де жоқ емес.

Бұл тұрғыда қоғамдық көлікте тегін жүруіне мүмкіндік жасау туралы «Астана LRT» компаниясының ұсынысына байланысты Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев те пікірін білдірді.
– Әр пәтерден 3857,3 теңге жинап, тұрғындардың қоғамдық көлікте тегін жүруіне мүмкіндік жасау, бір жағынан пайдаланбаған қызметке ақы төлетуге итермелеуі мүмкін. Сондықтан бастаманы осы күйінде қабылдауға болмайды. Бұл – «Астана LRT» компаниясының партиялық тыңдауда айтқан ұсынысы ғана. Өзге де идеялар мен ұсыныс-пікірлер сарапталып жатыр. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Сондықтан астаналықтардың алаңдауына негіз жоқ, – дейді қала әкімі.
Қала басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Астананың көліктік кешенін дамыту моделінің алғашқы кезеңі басталды. Арнайы жұмыс тобы мәселені шешудің түрлі жолдарын қарастыратын болады. Барлық сараптамалар жүргізілгеннен кейін ұсыныс әкімдіктің қарауына түседі.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*