«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тамақ сапасын ата-аналар бақылайды

0 10

Қалалық Білім басқармасының ұсынысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда тамақ сапасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында ата-аналар мен қала жұртшылығының өкілдері қатыса алатын бақылау тобы құрылды.

Білім басқармасының Мектепке дейінгі және тәрбие бөлімінің басшысы Ләззат Разбекова және мониторинг тобының ата-аналары тамақтану жағдайларын бірлесіп тексерді. Елордада 94 мемлекеттік, 229 жекеменшік балабақша, 43 шағын орталық, 3 ведомстволық мекеме болса, осы уақытқа дейін тамақ сапасын бақылауда 50-ден аса балабақша ата-аналар тарапынан тексерілді. Нәтижелеріне байланысты жаңа ұсыныстарды осы топпен бірлесе қарап жатыр.
«Бір апта көлемінде бақылау жүргізетініміз жайлы брифинг ұйымдастырдық. Оған қатысуға 78 адам өз өтініштерін берсе, арнайы санитарлық кітапшасы бар 36 адам бақылауға қатысып, үш ата-анадан бірігіп, 12 топ құрды. Біз осы аптада мемлекеттік, келесі аптада жеке меншік балабақшаларда тамақ сапасын бақылау мониторингін аяқтауды жоспарлап отырмыз» дейді Л.Разбекова.

Жадыра МҰРАТБЕКОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды