«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тәлімгерлер тәжірибесі

0 20

Елордада қалдықтарды басқару және «жасыл» энергия саласын дамыту мәселелеріне арналған «Green Energy & Waste Recycling Forum – GEWR’19» IV Еуразиялық бизнес-форумы өз жұмысын бастады.

Елордада «Өңірлердегі жастарға ынталандыру жұмысын жүргізу үшін тәлімгерлер тобын оқытуды ұйым­дастыру» атты семинар өтіп жатыр.
Бұл шараны өткізуге «Жастар жылы» аясында Ақпарат және қо­ғам­дық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мұрындық болды. Жобаның мақсаты: жастарға өмірде өз жолын табуға бағдар беру мен олардың тұлғалық қабілетін дамыту және кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған.
Төрт күнге жоспарланған семинарға еліміздің әр өңірінен келген 80-ге жуық жастарға осы саланың тәжірибелі мамандары дәріс оқып, түрлі шеберлік сағаттарын өткізеді. Сондай-ақ жиынға Мәскеуден халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Илья Шемелев келіп, ол Еуропа мен Ресейдегі менторингті дамыту тәжірибесімен бөліседі.
– Біз бұл жобаны мемлекеттің қолдауымен іске асырып отырмыз. Әрине, бұл жеңіл жұмыс емес. Тәлімгерлік тәжірибе дамыған елдерде ертеден қалыптас­қан. Бізде бұл бұрын болды, бірақ кейін жоғалтып алдық. Мәселен, жастар тарапынан қаншама жобалар қолға алынғанымен, кейде оның нәтижесі көзге көрінбейді. Тіпті, аяқсыз қалады. Сондай кезде тәлімгерлердің қолдауы көп мәселені шешеді. Менің ойымша, менторлық жұмыс тек бизнесте ғана емес, барлық салаға қажет. Әсіресе, мемлекеттік органдарда да мұның өзектілігі жоғары. Қазіргі жастар өте білімді. Бірақ өмірлік тәжірибелері аз. Сондықтан оларға ақыл айтып, бағыт-бағдар беріп отыратын тәлімгер керек» деді «KAZBRANDS» қоғамдық қорының жауапты өкілі Нұрлан Жазылбеков.
Жалпы, бұл жоба енді қанатын кеңге жаймақ. Енді «KAZBRANDS» қоры аймақтарға барып, жастар арасында кездесулер, семинарлар, түрлі тренингтер өткізеді.
Ақтөбе облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов менторлық жұмыстың жастарға берері мол екендігін айтты.
« Біз облысқа барғаннан кейін бұл жоба туралы баспасөз мәслихатын өткізіп, жастарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз. Оған белсенді жастарды тартамыз. Олардан өзге замандастары үлгі алып, жаңа бас­таманы қолдайды деп сенеміз. Мысалы, әр тәлімгер жеті жас азаматты қамқорлығына алып, олардың алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруға көмектеседі. Біз бұл жерде шалғайдағы ауыл жастарына баса назар аударуды көздеп отырмыз» деді ол.
Сондай-ақ жоғары да аталған қоғамдық қор өңірлік жастар мәселелерін талдау мақсатында тың зерттеулерді ұйымдастыру үшін сарапшылар тобын жинап, соның қорытындысымен интерактивті карта әзірлеуді жоспарлап отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды