Четверг, 17 Август 2017
-->

ТАЛДЫКӨЛ ДЕМАЛЫС ОРНЫНА АЙНАЛАДЫ

Су қоймасындағы тазалау жұмыстарының нәтижесінде жағымсыз иіс ­толығымен жойылып, аққулар мекеніне айналды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы хабарлады.

cc7k9994-kopirovat

Астана қалалық Коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарының айтуынша, Талдыкөлді тазалау жобасы ерекше тәжірибе болған. Өйткені алғаш рет елімізде жағымсыз иісі бар көл кіршіксіз тазаланып, құстар қайтып оралған орынға айналды.

– Қазақстан – ТМД елдері ішінде ағынды суларды тазалау бойынша заманауи әдіс-тәсілдерді қолданған алғашқы ел. Су тазалаудың классикалық технологиясы бірнеше кезеңнен тұрады: механикалық, биологиялық, флотофильтрация, ультракүлгін, залалсыздандыру. Барлық кезеңнен кейін мөлдір залалсыздандырылған су Есілге құйылады. Жер жұмыстары мен су түбіндегі сазды сору жұмыстарын Коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысымен «Алсим Аларко» ЖШС жүргізіп жатыр. Екі жыл бұрын Талдыкөлге қалдық суларды құю тоқтатылды. Елорда басшылығы аумақты қалпына келтіру бойын­ша ауқымды жұмыстарын бастап, ағынды су жинақтау­шыны ретке келтіру мәселесін шешті, – дейді басқарма өкілдері.

Қазіргі таңда жер жұмыс­тары 3 кезең бойынша жүргізілуде. Бес балшық сорғыш кеме түбін тереңдету жұмыс­тарын жүзеге асыруда. Ал көл түбінен алынған құрғатылған сор кәдімгі топырақпен араластырылып, қайта қалпына келтіру жұмыстарына пайдаланылуда. Сондай-ақ, көл көлемінің табиғи шекарасын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп, су айдынының ауданы 2 мыңнан 450 гектарға дейін, яғни 4 есе кішірейеді. Екі жылдан кейін ағынды су ауданын көріктендіру және абаттандыру жоспарланған. Бұл Талдыкөлді тұрғындардың уақытын өткізетін орынға айналдырады.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*