«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Талабы таудай

0 30

Қазақстандық 20 жастағы боксшы Сад­риддин Ахмедов WBC нұсқасы бойынша жастар арасында әлем чемпионы атанды.

 

Жастар арасында бірінші орта салмақта әлем чемпионы атағы сарапқа салынған бұл жекпе-жек Канаданың Монреаль қаласында өтті.
Осы күнге дейін жеңіліп көрмеген Сад­риддин бұл бокс кешінде Мексика боксшысы Абрахам Хуарестен (13-2, 5 КО) мықты болды. Он раундқа есептелген кездесу төртінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Отандасымыз осымен қатарынан жетінші қарсыласын нокаутқа түсірді.
Бұл жекпе-жектен кейін Астана бокс мектебінің түлегі Садриддин Ахмедов белгілі BoxRec.com сайтының рейтингінде бірден 116 саты жоғарылап, 85-орынға тұрақтады.


Садриддиннің өзі әлеуметтік желіде бұл жеңісін былтыр өмірден өткен қоғам қайраткері, жазушы Шерхан Мұртаза мен мәнерлеп сырғанаудан қазақтың атын шығарған Денис Теннің рухына арнады. Сондай-ақ биылғы жастар жылында мойнымызда таудан ауыр жауапкершілік бар деп жастарға үндеу тастаған. Ендеше, біз талапты ұлдың өзі де таудай болуына тілеу­леспіз.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды