Среда, 28 Июнь 2017
-->

Тағайындау

akimat

Игенбердинов Бекмырза Қайыргелдіұлы «Астана қаласы
Жолаушылар көлігі басқармасы» ММ басшысының міндетін ат­қарушы болып тағайындалды.

Б.Игенбердинов 1975 жылы 10 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Мектеп бітіргеннен кейін Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік уни­вер­ситетінің «Халықаралық құқық» ма­ман­дығына оқуға түсті. Оқумен қатар, әс­кери трибуналда жұмыс істеді.
Білім ордасын тәмамдағаннан кейін еңбек жолын мемлекеттік қызметте жалғастырды.
2007 жылдан бастап «Кедентранссервис» АҚ базасында «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ мен «РТЖ» ААҚ арасындағы бір­лес­кен кәсіпорынды құру жұмыстарын ұйым­дастырып, ол құрылғаннан кейін кәсіп­орынның даму жөніндегі вице-президенті болған. 2012 жылы «ТрансКонтейнер» ААҚ-на ауысып, Қазақстандағы бизнесті дамыту және интеграция мә­селелерімен айналысқан.
Қазақстан арқылы Қытай-Еуропа бағы­тына өтетін транзиттік пойыздарды рә­сім­­деуді ұйымдастыратын «Жібек жолы» кедендік-брокер орталығын бас­қарған.
Автоспортпен кәсіби түрде айна­лысады. Ағылшын, француз, итальян тілдерінде еркін оқиды.
Үйленген, үш баласы бар.

Оралов Асхат Раздықұлы «Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Асхат Раздықұлы 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.
Бүгінге дейін «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РКК депар­таментінде жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бас маман, осы оқу ордасының хаттама бөлімінің аға маманы, «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының орынбасары болған.
Бұдан кейін «Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының міндетін уақытша атқарып келген.

Нұрғалиева Гауһар Серікқызы «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Гауһар Серікқызы 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Мамандығы – экономист-қаржыгер.
Ол ҚР Қорғаныс министрлігінде, Астана қаласы әкімі аппаратында, елорданың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында қызмет атқарған.
2015 жылдан Астана қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманы, кейін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау жөніндегі бөлімінің басшысы болды.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*